Қонақ дәрістер

05.05.2022

Көрулер: 1254

Менеджмент кафедрасы 2022 жылдың 5 мамырында Алматы халықаралық әуежайының коммерциялық мәселелер жөніндегі Аға вице-президенті Пакер Йеткин Четин мырзаның қатысуымен және  сонымен қатар Үндістан Банкінің корпоративтік несиелеу бөлімінің басшысы Амит Дутта мырзаның қатысуымен онлайн режимінде қонақтық дәрістерді ұйымдастырды. Қонақ дәрістер PhD Манарбек Гүлденнің «Іскерлік коммуникация үлгілері» пәні аясында өтті. 

Пакер Йеткин Четин мырза Алматы халықаралық әуежайының даму перспективалары туралы баяндады, TAV Airports Groups компаниясында іскерлік коммуникациялардағы тәжірибесімен бөлісті. 

Амит Дутта мырза банк жүйесіндегі іскерлік коммуникациялар тақырыбына тоқталды, қаржылық сектордағы табысты коммуникациялар, сондай-ақ банк менеджменті тәжірибесімен бөлісті.