Қонақ дәріс

04.05.2022

Көрулер: 1136

Менеджмент кафедрасы 2022 жылдың 4 мамырында сағат 15.00-де 219 аудиторияда Алматы халықаралық әуежайының Аға вице-президенті, Бас техникалық директоры Мехмет Гүзел мырзаның қатысуымен қонақтық дәріс ұйымдастырды. 

Қонақ дәріске «Инновациялық менеджмент», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының ағылшын тілді топтарының магистранттары, сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 3 курс студенттері қатысты. Қонақ дәріс э.ғ.к., доцент м.а. Салимбаева Р.А. «Венчурлық бизнесті басқару» пәні аясында өтті. 

Гузел Мехмет мырза TAV Airports Groups қызметімен таныстырды, әуежайды басқарудың жаңа технологиялары туралы айтты, әртүрлі елдерде цифрлық технологияларды және венчурлық инвестицияны қолдану тәжірибесімен бөлісті.