ШОБ жобаларын қаржыландырудағы шешім қабылдау логикасы"

09.04.2022

Көрулер: 1140

09.04.2022 жылы Менеджмент мамандығының студенттеріне 2 курс қазақ және орыс тобы, 3 курс орыс тобы студенттеріне арналған мастер-класс ұйымдастырылды. "ШОБ жобаларын қаржыландырудағы шешім қабылдау логикасы" тақырыбындағы мастер-класты Еуразиялық банктің өңірлердегі сатылым бойынша басшысы Жапаров М.Б. жүргізді. 2 сағатқа жуық созылған кездесуде өз сөзінде тәуекелдерді басқаруда қолданылатын әдістерді, компанияның қаржылық көрсеткіштерін талдау туралы, банктік менеджменттің қазіргі таңдағы маңыздылығы мен өзінің жеке тәжірибесіндегі шешім қабылдау сәттерімен бөлісті. Студенттер өз кезегінде басқару және банк ісіндегі тәуекелдерді басқару қатысты маңызды сұрақтар қойып, біліктілігін арттырды. Кездесу соңында тәжірибеден өту жайлы сұрақтар талқыланды.Іс-шара ұйымдастырушысы: Тасжарғанов С.И., Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы.