Гүлжан Қарағұсованың көшбасшылық дәрісі
18.11.2021
Көрулер: 1795
2021 жылдың 18 қарашасында «Менеджмент» кафедрасының профессорлары және оқытушылары экономист, мемлекет және саясат қайраткері Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызының «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы экономикасы» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көшбасшылық дәрісіне қатысты. Дәрісте зейнетақы жүйесінің және жалпы ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы мәселелері қамтылды.
«Менеджмент» кафедрасының профессорлары пікірталасқа белсене қатысып, өзекті сұрақтар қойып, дәріс оқушыға шексіз алғыстарын білдірді.






