«Шекара аймағы – 2021» халықаралық интеграциялық форумы 9-11 желтоқсан 2021 ж.

13-жел-21

Көрулер: 1625

Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі 2021 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында өткен «Шекарааймағы – 2021» халықаралық интеграциялық форумының «Шекаралық өңірлердің қоғамдық дипломатиясы» пленарлық отырысында сөз сөйледі. 

Баяндама тақырыбы Қазақстан Республикасындағы халықаралық интеграция және шекаралық ынтымақтастық мектебіне арналды. «Шекара аймағы – 2021» халықаралық интеграциялық форумына Беларусь, Ресей, Қазақстан ғалымдары қатысты. Форум ЕАЭО елдерінің өңіраралық қарым-қатынастары, украин-ресей шекаралас аумақтардағы тосқауыл проблемалары, халықаралық интеграция және Қазақстан Республикасындағы шекаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналды. 

Форум соңында «Шекара маңындағы ынтымақтастықтың үздік тәжірибесі» халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды.