«Мен жастарға сенемін»

29.11.2021

Көрулер: 2018

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнініе арналған «Мен жастарға сенемін» студент жастардың ІХреспубликалық форумында «Еліміздің әлеуметтік маңызы бар» инновациялық жобалар байқауында «Ерекше жоба» номинациясымен Менеджмент мамандығының 3-ші курс студенттері Жылгелді Орынбасар және Игембай Шархат марапатталды.

Ғылыми жетекшісі: «Менеджмент» кафедрасының аға оқутышысы Тасжарғанов Сәбит Ігілікұлы.

Жоба тақырыбы: School card

Жобада қойылған негізгі проблемалар: білім беру жүйесінің сапасы«Алтын белгі» иегерлерінің, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының  жоғары оқу орындарына түсерде жеңілдіктері алып тасталынғаны.

Жобаның  басты мақсаты - өте жақсы оқыған оқушыларға ЖОО түсуге грант мәселесімен, киім, тамақ, мәселесінде көмек көрсету арқылы тиімді, әрі жаңа сапалы білім жүйесіне үлес қосу.

Жылгелді Орынбасар мен Игембай Шархат Қазақстан бойынша 130 жобаның ішінен бірінші турға өттіодан кейін 65 жобаның ішінен  екінші турға өттіОсы School card жобасы финалға өтіп, Республика бойынша үздік "Топ -10" жоба қатарына еніп, «Ерекше жоба» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Менеджмент» кафедра ұжымы құрметті студенттерді және ғылыми жетекшілері Тасжарғанов Сәбит Ігілікұлын шын жүректен құттықтайды!