2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай М.Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті

12.04.2021

Көрулер: 1842

2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай М.Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына арналған «Менеджмент» мамандығының 1 курс қазақ бөлімінің студенттері және топтың куратор-эдвайзері Ержанова Ә.М. ұйымдастыруымен «Мұқағали – жыр дүлділі» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналды. Кеш барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері мен әндері көрермен назарына ұсынылды.