2021 жылдың 10 сәуірінде «Топ-менеджер» үйірмесінің жетекшісі э.ғ.д., профессор Абралиев О.А. мен оқытушы Мұхаметбекова С.М. ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы – кейінгі жастарға өнеге» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10.04.2021

Көрулер: 1708

2021 жылдың 10 сәуірінде «Топ-менеджер» үйірмесінің жетекшісі э.ғ.д., профессор Абралиев О.А. мен оқытушы Мұхаметбекова С.М. ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы – кейінгі жастарға өнеге» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қатысушы магистранттар мен студенттер Елбасының өнегелі өмірі, саяси қызметі жайында баяндама жасап, Қазақстаннның тәуелсіздік алған жылдардан бергі жетістіктеріне тоқталып өтті. Сонымен бірге, аталған тақырып аясында пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысында Менеджмент кафедрасының э.ғ.д., профессоры Оналбек Алтыбайұлы Елбасы жайында жас ұрпақ үшін жаңа мәлімет болатын тарихи деректермен бөлісіп, жастарға деген ізгі-ниетін білдірді.