07.04.2021 ж Менеджмент кафедрасы э.ғ.д., профессоры Г.Н. Сансызбаева Халықаралық бейнеконференцияға қатысты

07.04.2021

Көрулер: 1725

7 сәуір, 2021 ж Экономика және бизнес жоғары мектебінің, Менеджмент кафедрасы э.ғ.д., профессоры Г.Н. Сансызбаева «ЕАЭО аймақтарының трансшекаралық өзара әрекеттестігі және аймақаралық ынтымақтастығы» атты Халықаралық бейнеконференцияға қатысып, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Белгород мемлекеттік университетінің білім беру және мәдени даму саласындағы өзара тиімді серіктестіктің болашағы туралы», баяндама жасады.

Келесідей сұрақтар талқылауға түсті:

1. Еуразиялық кеңістік аймақтары ынтымақтастығы.

2. ЕАЭО шекара белдеуі: тату көршілік саясаты.

3. Кеден дипломатиясы және еуразиялық экономикалық интеграция.

Конференцияның негізгі спикерлері В.А.Сапрыка болды. (РФ, БелМУ), А.В. Шатько (Беларуссия), Г. Баласнян (Армения), П.А. Черномазов (Украина), Н.М. Межсевич С. Пантелеев (Псков) және басқалар болды.

Конференцияға көптеген шекаралас елдердің - Беларуссияның, Украинаның, Арменияның өкілдері, шекаралас аймақтарды зерттеу саласындағы сарапшылар мен мамандар қатысты.

 

Г. Н. Сансызбаева