Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай «Менеджмент» мамандығының студенттері және оқытушы Мұхаметбекова С.М. ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік үшін күрескен - Әлихан» атты ашық сабақ өтті.

06.04.2021

Көрулер: 1657

2021 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай «Менеджмент» мамандығының 3 курс қазақ бөлімінің студенттері және оқытушы Мұхаметбекова С.М. ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік үшін күрескен - Әлихан» атты ашық сабақ өтті.

Іс-шара барысында «Алаштың» негізін қалаушы, тарихи тұлға Әлихан Бөкейхановтың есімін ұлықтау мақсатында өмір жолы, өз еліне қосқан орасан зор үлесі мен еңбегі жайында студенттер баяндама жасады.

Сонымен қатар уақыт көшімен қалыптастырған тарихи ізі туралы шағын бейнебаян көрсетіліп, студенттер арасында сұрақ-жауап ойыны арқылы пікірталас болды. Іс-шараның қорытынды бөлігінде студенттер Әлихан Бөкейханов жайында өлең шумақтарын оқып, өз ойлармен бөлісті.