11.12.2020 ж «Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты
11.12.2020
Көрулер: 1518
2020 жылдың 11-ші желтоқсанында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Ғылыми зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жазу"тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинар спикері: PhD Жұпарова Азиза Серікқызы.
Семинарда келесідей сұрақтар қарастырылды:
- Әдебиетке шолу не үшін қажет?
- Әдеби шолудың құрылымы;
- Әдебиетке шолу барысында сыни тұрғыдан ойлау;
- Әдеби шолу жазу;
- Негізгі идеялар.






