Экономика және бизнес Жоғары мектебінің диссертациялық кеңесінде екінші мәрте онлайн PhD диссертациясы қорғалды

28.05.2020

Көрулер: 1506

 2020 жылдың 28 мамырында, сағат 15: 00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің диссертациялық кеңесінде «Evaluation of high-tech project success in the Republic of Kazakhstan based on international standards of project management» («Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарына негізделген Қазақстан Республикасындағы жоғары технологиялық жобаларды табысты басқару») тақырыбында Менеджмент кафедрасының докторлық диссертациясының кандидаты Қожахметова Әсел Көшербайқызының екінші онлайн қорғауы өтті, «6D051800-Жобаларды басқару» мамандығы. Отандық ғылыми кеңесші - э.ғ.д., профессор Мұхтарова Қ.С., шетелдік ғылыми кеңесшісі - PhD докторы, ПМР Офер Зуикаэль.

Әсел Көшербайқызы диссертацияны ағылшын тілінде қорғады. Көптеген қызықты пікірталастар мен жағымды пікірлер болды. Әселді диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтаймыз!