Экономика және бизнес Жоғары мектебінің диссертациялық кеңесінде бірінші рет онлайн PhD диссертациясы қорғалды

27.05.2020

Көрулер: 1555

27 мамыр 2020 жылы сағат 15: 00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, диссертациялық кеңесінде Бектурганова М.С.-тің философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында диссертацияны онлайн-қорғау, алғаш рет өткізілді. Тақырыбы: «Қазақстанның мұнай-газ секторының төмен көміртекті дамуына көшудің басымдықтары мен экономикалық тетіктері», «6D050600 - Экономика» мамандығы бойынша.

Диссертациялық кеңестің (ДК) құрамында Менеджмент кафедрасының 2 мүшесі жұмыс жасады: э.ғ.д., проф. Тұрғынбаева А.Н. (Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы) және PhD Жидебекқызы А.

Сондай-ақ, диссертациялық кеңесте Ресейлік шетелдік ғалым, экономика ғылымдарының докторы, PhD, Новосибирск мемлекеттік университетінің және Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Дубин И.Н. қатысты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі онлайн-қорғаудың екінші тәжірибесі –докторлық диссертацияны сәтті қорғау.