Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған 50-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында белсенділік танытқан қатысушылар марапатталды
Көрулер: 1592
Университетіміздің оқу ісі жұмысы жөніндегі проректор А.К.Хикметов атынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына белсенді қатысқандары үшін төмендегі оқытушы-профессорлар сертификаттармен марапатталды:
1.«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н.;
2. «Менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің оқыту-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары э.ғ.к, доцент Сокира Т.С.;
3. «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.д., профессор м.а Құнанбаева Д.А.;
4. «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.к, аға оқытушы Джулаева А.М.;
5. «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.к, доцент Смагулов А.М.






