Кафедра жаңалықтары

24-26 қараша аралығында «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы Ғалымқызы Гүлмира семинарға қатысты

26.11.2020

24-26 қараша аралығында Әлеуметтік-тәрбие жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Абишев Т.Б. ұйымдастыруымен өткен   «Халықаралық стандартқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ISO 37001 2016» тақырыбындағы онлайн семинарға «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы Ғалымқызы Гүлмира қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу

17.11.2020

Бүгінгі күні ЖОО-лардың жұмыс берушілермен ынтымақтастығының жаңа нысандарына ЖОО-ларды, жекелеген кәсіпорындарды, ғылыми және қоғамдық ұйымдарды, ұзақ мерзімді негізде жоспарлы бірлескен қызметті жүзеге асыратын билік өкілдерін қамтитын университет кешендері шеңберіндегі өзара іс-қимылды жатқызуға болады. Осыған орай, 2020 жылдың 17 қарашасында кафедра меңгерушісі э. ғ.д., профессор А. Н. Тургинбаеваның басшылығымен "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеушілердің ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

16.11.2020 ж Аға оқытушы Жумагазиева А.Ғ ZOOM платформасы арқылы студенттеріне жиналыс ұйымдастырды

16.11.2020

«Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Жумагазиева Альмира Ғалымжанқызы өзінің куратор-эдвайзерлік тобымен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курсы ZOOM платформасы арқылы студенттеріне жиналыс ұйымдастырып, алдағы келе жатқан «17 қараша - Студенттер күнімен» құттықтап, студенттерге ізгі тілектерін білдірді.

 

Ары қарай оқу >>

Тұмбай Жұмабек Орманбекұлы мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысты

23.10.2020

  2020 жылдың 22-23 қазанында Антиплагиат, Ресей мемлекеттік кітапханасы, Ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығы (ANRI) және Липецк мемлекеттік техникалық университеті (LSTU) ұйымдастырған «Көшіріп алуды анықтау 2020», - тақырыбында V-мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Бұл конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Менеджмент кафедрасының доценті Тұмбай Жұмабай Орманбекұлы, баяндамасыз тыңдаушы ретінде қатысты.

Ары қарай оқу >>

2020 жылы 16 қазанда ҚР БҒМ Экономика институты «Қазақстан Республикасының Президенті К.-Ж. Тоқаевтың Жолдауы «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» аясында ұлттық экономиканың заманауи индустриялық саясаты» тақырыбында Халықаралық онлайн конференция өткізілді.

16.10.2020

Конференция спикерлері арасында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі А.Б. Батыркожа, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өндірістік өнеркәсіп департаментінің басқарушы директоры З.Р. Якупова, ҚР «Атамекен» АЭС машина жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары Беклемишев болды. П.И., ҚР БҒМ Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин А.А., т.б.

Ары қарай оқу >>

Менеджмент кафедрасынан профессор Спанов М.У Праймеризге қатысты.

15.10.2020

Қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттығына кандидаттарды іріктеу үшін Праймериз өткізді. Праймеризге дайындық барысында үміткерлер оқудан өтті. Бұл іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Менеджмент кафедрасынан профессор Спанов М.У қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылған басылымдардың жаңа тізімін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған вебинар

23.09.2020

Экономика ғылымдарының докторы, проф. Тургинбаева А.Н., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың менеджмент кафедрасының меңгерушісі, «Вестник КазНУ. Экономикалық серия» журналының ғылыми редакторының орынбасары ретінде 23 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылған басылымдардың жаңа тізімін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған вебинарға қатысты.

Ары қарай оқу >>

2020 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеу уақыты бойынша сағат 12:00-де Шекара маңы ынтымақтастығы және интеграция институты (РФ) ұйымдастырған "Еуразиялық экономикалық одақтың қоғамдық кеңістігін трансформациялау" халықаралық бейнеконференциясы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіні

09.09.2020

Конференцияға Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Болгария, Украина және т. б. елдерден келген қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады: 

1. Қоғамдық басқару және қоғамдық сектор. 

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі азаматтық қоғамның дамуы. 

3. Қоғамдық секторды цифрландыру мәселелері.

Ары қарай оқу >>

2020 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

03.09.2020

Дөңгелек үстел жұмысына "Менеджмент" кафедрасының э.ғ.д., профессор Спанов Магбат Уарысбекович "Послание Президента и его влияние на экономику Казахстана" баяндамасымен және "Менеджмент" кафедоасының э.ғ.д., профессор Абралиев Оңалбек Алтыбайұлы "Президент жолдауы – білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі" баяндамасымен қатысты.

Ары қарай оқу >>