Кафедра жаңалықтары

"Менеджмент" кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзерлері семинарға қатысты

21.01.2021

21 қаңтар сағат 15.00де Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есімова Жұлдыз Дапенқызының "Эпидемия жағдайында студенттерді қажетті мағлұматтармен қамтамасыз ету үшін куратор-эдвайзерлерге кеңес беру" атты семинарына "Менеджмент" кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Менеджмент" кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзерлері семинарға қатысты

20.01.2021

2021 жылдың 20 қаңтар күні куратор-эдвайзерлер мектебі мен Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен 1-курстың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинарға "Менеджмент" кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзерлері қатысты. Семинар барысында көптеген психологиялық жаттығуларды пайдалана отырып, студенттермен жұмыс жасау әдістері көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

"Менеджмент" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының 4 курс студенттерінде мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар базасында өндірістік практикасы

18.01.2021

2021 жылдың 18 қаңтарында "Менеджмент" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының 4 курс студенттерінде мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар базасында өндірістік практикасы басталды.

Жұмыс берушілер базасында өндірістік практикадан өту студенттерге болашақта жұмысқа орналасу кезінде тиісті практикалық тәжірибе мен жоғары біліктілік алуға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>

28.12.2020 ж "Менеджмент" кафедрасының э.ғ.д., профессоры Жатканбаев Ержан Байгужаевич құрмет грамотасымен марапатталды

28.12.2020

"Менеджмент" кафедрасының э.ғ.д., профессоры Жатканбаев Ержан Байгужаевич Тәуелсіз қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталды

Ары қарай оқу >>

28.12.2020 ж Спанов Мағбат Уарысбекұлы құрмет грамотасымен марапатталды

28.12.2020

"Менеджмент" кафедрасы э.ғ. д., профессоры, жұмыс беруші Спанов Мағбат Уарысбекұлы лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге елеулі үлес қосқаны, кәсіби қызметін табысты атқарғаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жыл.

Ары қарай оқу >>

15.12.2020 ж «Менеджмент» кафедрасының түлегі Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы марапатқа ие болды

15.12.2020

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰУ түлегі,  Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы үлкен марапатқа ие болды.  ҚР Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы  Жарлығы бойынша  «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Дәулет Төлеутайұлын шын жүректен құттықтай келе, алдағы уақытта сәттілік тілейміз. ҚазҰУ өз түлектерімен мақтанады

Ары қарай оқу >>

11.12.2020 ж «Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

11.12.2020

2020 жылдың 11-ші желтоқсанында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Ғылыми зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жазу"тақырыбында онлайн-семинар өтті.

 

Ары қарай оқу >>

14.09-28.12 аралығында "Менеджмент" кафедрасында шетелдік профессор Дубина Игорь Николаевич өзінің «Ғылыми зерттеу әдістері» курсын өткізеді

08.12.2020

14.09-28.12 аралығында "Менеджмент" кафедрасында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 1 курс докторанттары үшін шетелдік профессор Дубина Игорь Николаевич, экономика ғылымдарының докторы, Новосібір Ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің профессоры (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.) "Ғылыми зерттеу әдістері" атты курсын сәтті өткізуде. 

Ары қарай оқу >>