Кафедра жаңалықтары

«ПАНДЕМИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ӘСЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ӘСЕРЛЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

06.04.2021

9 сәуір сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ, Менеджмент кафедрасы Экономика және бизнес Жоғары мектебі ұйымдастыруымен, «Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде "Пандемия жағдайындағы дағдарысқа қарсы басқару: механизмдер мен сценарийлер" (2021 жылғы 8-9 сәуір) тақырыбында 2-секцияның отырысын өткізеді. Конференцияның мақсаты - COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсерін талқылау, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау. Конференцияға жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, эдвайзерлік сағат өтті

05.04.2021

"Менеджмент" кафедрасында біздің сүйікті еліміз - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс - шаралар бастау алды. Әрине, бұл іс – шаралар сериясын болашақ мемлекеттік қызметшілер- МжЖБ К-2 үшінші курс тобы (топ басшысы-Қасымов Жандар) ашты.

Ары қарай оқу >>

«Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

30.03.2021

"Менеджмент" кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты.

2021 жылдың 30-наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Деректерді талдауда экономика-математикалық әдістерді пайдалану» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 26 наурызда «Мемлекет қайраткері» ғылыми үйірмесінің жетекшісі э.ғ.к., доцент Тұмбай Ж.О. және үйірме хатшысы оқытушы Ержанова Ә.М. ұйымдастыруымен «Елімнің бағы –Елбасы» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

26.03.2021

Дөңгелек үстел барысында тақырыптық видеоролик көрсетілді. Онда ерлігі дастан Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды гүлдендірудегі еңбегі, ішкі-сыртқы саясаттағы көрегендігі, көшбасшылық қасиеті көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, студенттер арасында эстафета жүргіліп, пікірталас ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысу туралы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ

19.03.2021

Бүгін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысын аяқтады. Конференция онлайн режимде 17-19 наурыз аралығында, бір уақытта, ZOOM платформасындағы 13 бөлмеде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Менеджмент» кафедрасы мен Прага химия-технологиялық университетінің өкілдері арасында онлайн-кездесуі өтті

10.03.2021

10.03.2021 ж.Менеджмент кафедрасы мен Прага химия-технологиялық университетінің (University of Chemistry and Technology Prague) Экономика және менеджмент кафедрасының өкілдері арасында онлайн-кездесуі өтті. Кездесуде бакалавриат және магистратура студенттерінің қос диплом туралы келісім-шартын жасасу перспективалары талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«Менеджмент» кафедрасы The Chinese University of Hong Kong өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

10.03.2021

10.03.2021 ж. Менеджмент кафедрасының әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі The Chinese University of Hong Kong (QS World University Ranking -43, Times Higher Education-56) өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті, онда ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Менеджмент" кафедрасының жас ғалымдары онлайн жиналысқа қатысты

06.03.2021

📚 2021 жылдың 6-наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебі Жас ғалымдарының мәселелері мен басымдылықтарын анықтау және шешу жолдарын іздеу мақсатында, "Жас ғалымдар кеңесінің" мүшелері онлайн форматта жиналыс ұйымдастарды.

 

Ары қарай оқу >>

Менеджмент кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Купешова Сауле Телеухановна алғыс хатпен марапатталды.

01.03.2021

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры атынан 2019-2020 жылдарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу шеңберіндегі жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

26.02.2021

2021 жылдың 26-ақпанында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Диссертация жазу бойынша практикалық кеңестер. Қорғауға шығуды тастау мүмкін емес" атты тақырыпта онлайн-семинар өтті.

Ары қарай оқу >>