«Маркетинг» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында V Халықаралық сырттай студенттік олимпиада

07.12.2020

Көрулер: 2008

«Маркетинг» мамандығы бойынша

«ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында

V Халықаралық сырттай студенттік олимпиада

 

1-7 желтоқсан 2020 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭБЖМ "Бизнес технологиялар" кафедрасы «Маркетинг» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізді.

«Маркетинг» мамандығы бойынша V Халықаралық сырттай студенттік олимпиада екі кезеңде өткізілді. V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырылып жіберілді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер ұйымдастырушыларға электронды пошта арқылы жіберілді: olimpiada_kaznu2020@mail.ru 01.12.2020 жылға дейін.

«Маркетинг» мамандығы бойынша V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысу үшін Қазақстанның, Өзбекстанның 5 жоғары оқу орнынан 8 өтінім берілді.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған мамандық бойынша командалар іріктелді.

V Халықаралық студенттік сырттай олимпиаданың ұйымдастырушылары жеңімпаздарды құттықтайды!

«Маркетинг» мамандығы бойынша V Халықаралық студенттік сырттай олимпиаданың нәтижелері

I дәрежелі диплом

Команда NoMADs, «Нархоз» Университеті

 

II дәрежелі диплом

Команда Мodern Tech, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

II дәрежелі диплом

Команда Digitaurus, Каспий Қоғамдық Университеті

 

III дәрежелі диплом

Команда Winners, «Тұран» Университеті

 

III дәрежелі диплом

Командаи Маркетайзеры, Ташкент қаласындағы Сингапур Менеджментті Дамыту Институты, Өзбекстан (ТСМДИ)

III дәрежелі диплом

Команда LEADERS, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ