Интеллектуалды модельдеу

07.10.2020

Көрулер: 2003

Үйірме жетекшісі: Кабдрахова С.С. ф.-м.ғ.к. «Информатика» кафедрасының аға оқытушы

Уақыты: Сенбі 13:00

Аудитория: 313

Құны: Тегін

Курс келесі курс студенттеріне арналған: 3-4 курс студенттері және магистранттарға арналған.

Курстың мақсаты: «Интеллектуалды модельдеу» үйірмесінің мақсаты – интеллектуалды модельдеу әдістерін үлкен деректер қорына пайдалануды үйрету. Предиктивті модельдеу әдістерін оқыту және деректерге сәйкес оз модельдерін құруды практикалық тұрғыда жүзеге асыру.

Сипаттамасы: Үйірмені оқу нәтижесінде студентер:

1.            Интеллектуалды модельдеудің мәні мен мақсатын, қызметін сипаттай алатын болады;

2.            Үлкен көлемді деректерді модельдеудің технологияларын білетін болады;

3.            Предиктивті модельдеудің әдістері үшін қолайлы параметрлерін таңдап алудың түрлі әдістерін жүзеге асыра алтын болады;

4.            өмірдегі бар нақтылы мәселелерді шешуде сызықты және сызықты емес предиктивті, классификациялық модельдеуді және оларға қолданылатын алгоритмдерді жобалай алатын болады;

5.            нақтылы есептерді шығаруда қолайлы шешім алу үшін интеллектуалды модельдеу әдістерін және бағдарламалау орталарын қолдана алтын болады және топпен жұмыс жасай алатын және топтық жобаларды жүзеге асыра алатын болады.

Үйірме негізінен теориялық және зертханалық типте өтіледі. Жоспар бойынша интеллектуалды модельдеу алгоритмдерін әртүрлі деректерге қолдану және оларды жүзеге асырылу көрсетіледі.