Python тілінде бағдарламалау

07.10.2020

Көрулер: 2523

Үйірме жетекшісі: Кабдрахова С.С., ф.-м.ғ.к. «Информатика» кафедрасының аға оқытушы

Уақыты: : сәрсенбі, сағат 18:00

Аудитория: 521

Құны: Тегін

Курс келесі курс студенттеріне арналған: 1-4 курс студенттері

 

Курстың мақсаты: Курстың мақсаты – бағдарламалау тілін үйренгісі келетін студенттерге Python тілінде қарапайым бағдарламалар жазуды үйрету болып табылады. Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және жалпы математикалық мәдениет деңгейін көтеру. Программалау технологиялары және оның құрылымы жөнінде белгілі бір мағлұматтар беру және оларды студенттердің қолдана білуге үйрету.

 

Сипаттамасы: Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер сандарды, мәтіндерді және олардың жиынтықтарын өңдеуді және сақтауды үйренеді, стандартты Python тілдік кітапханасын игереді және мәліметтерді жинау және өңдеу тапсырмаларын автоматтандырады. Курс, Python тілінде машиналық оқыту, статистикалық мәліметтерді өңдеу, деректерді визуализациялау және тағы сол сияқты анағұрлым мамандандырылған бағыттарды дамытуға қажетті негіз береді. Сонымен қатар студенттер әртүрлі бағдарламалау парадигмаларының негіздерін: процедуралық, функционалды және объектіге бағытталған бағдарламалауды үйренеді.