Компьютерлік желі үйірмесі

01.01.2020

Көрулер: 2164

Осы күнде жаңа технологияларды игеріп, оның жетістіктерін пайдалана алатын мамандар санының жетіспеушілігі қазіргі кездегі үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі дүние жүзіндегі озық ақпараттық технологиялар біздің елімізден табылса да, басым бөлігі шет ел мемлекеттерінен көптеп табылады. Ондай технологиялар ретінде интернет және желілік технология саласында әлемдік көшбасшы болып саналатын Cisco компаниясының желілік құрылғыларын атап айтуға болады. Cisco желілік академиясының бағдарламасы осындай желілік құрылғыларын жетік игеріп шығуға үлкен мүмкіндік жасайды. Академия толық оқу материалдарымен қамтылған және студенттерді ақпараттық технология саласында қажетті білім алумен қамтамасыз етеді. Бағдарлама Интернет арқылы алуға болатын материалдардан, алған білімдерін бағалаушы электрондық жүйелермен, практикалық лабораториялық сабақтармен, сонымен қатар кәсіптік деңгейдегі сертификаттар алуға дайындық курстарынан тұрады. Бұл бағдарлама – ара қашықтықтан оқыту бағдарламасы, яғни академия студенттері бүкіл жер шарының кез – келген жерінде отырып білім алу мүмкіндігі бар, яғни студент таңдаған курсын өзі қалаған кез-келген академиядан оқи алады. 2008 жылдың тамыз айында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университетінде 2 жергілікті академия ашылды. Соның бірі «ҚазҰУ информатика кафедрасы Желілік Академиясы» (KazNU Infomatics Department Networking Akademy). Осы желілік академия негізінде информатика кафедрасында «Компьютерлік желі» үйірмесі бар. Үйірмеде кафедра студенттері білім алуда. Үйірме мақсаттарының бірі – жалпы желі бойынша білім алып, осы алған білімдерін толықтырып, болашақта осы бағытпен өзінің еңбек жолын жалғастырғысы келетін студенттерді, жас мамандарды Cisco желілік академиясы бағдарламасы бойынша оқыту, оларға қазіргі таңдағы әлем бойынша озық мемлекеттер студенттерімен қатар білім беру болып отыр. Үйірме толықтай Cisco академиясының бағдарламасымен жұмыс жасайды. Академия курстары үнемі жаңарып отырады, үнемі студенттердің білімдерін тексеріп, бағалап және олармен өзара қатынаста болады. Академия бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерде лабораториялық сабақ кезіндегі практикалық икемдену, кәсіптік сертификациядан өтуге дайындық, басқа да академиялар бітірушілерімен байланыс жасау мүмкіншілігі сонымен қатар үлкен карьера жасауға, болашаққа жол ашуға мүмкіндіктері бар.

 

Үйірме жетекшісі: Черикбаева Л.Ш., «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы.

Уақыты: сәрсенбі, сенбі

Аудитория: Онлайн

Құны: Тегін

Үйірме студенттерге, магистранттарға арналған