Жұмыс берушілермен кездесу

13.01.2021

Көрулер: 2157

Ақпараттық технологиялар факультетінің Информатика кафедрасы 13 қаңтарда кафедраның жұмыс берушілермен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында кафедра студенттерінің білім деңгейлері мен үлгерімдері, бітіруші түлектерден талап етілетін біліктілік талқыланды. Қазіргі таңда қолданылатын, дамыған технологияларды игеру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу барысында жұмыс берушілер, ATF банкінің бас маманы Жанболат Назерке ханым, “Innoforce” ЖШС flutter өңдеушісі Бердалиева Назым Қынатбекқызы және Аженов Алмат Тажиханович , кездесуге қатысушыларға компанияларының структурасы, даму болашағы және жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы баяндап берді. Және жұмыс берушілер осы өндіріс саласының дамуына өз үлестерін қосатын алғыр да білгір жастардың қажеттігі жайлы ерекше атап өтті.

Кездесу кезінде қатысушы қонақтар студенттер тарапынан берілген жұмысқа орналасу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өту кезіндегі білімді жетілдіру жолдары, жұмысқа орналасу және т.б.сұрақтарға жауап беріп, бірқатар мәселелерді талқылады. Жұмыс берушілердің кафедра студенттеріне деген талаптары жоғары, білім беру үрдісі де соған сай деп білеміз.

 

Жазбаға сілтеме (Код доступа: r*ZwS7Gr)