Цукуба университетінде өткен жапон тілін оқыту бойынша семинар мен симпозиум

11.04.2023

Көрулер: 579

2023 жылдың 13-15 ақпан аралығында Цукуба университетінде жапон тілі семинары мен симпозиумы өткізілді. Оған Қазақ ұлттық университетінен Алматы кеңсесінің үйлестірушісі Такаши Ниномия мен аға оқытушы Боранкулова Самал қатысты.

(1) Семинар

Дәріс беруші: профессор Кей Исигуро (Хитоцубаши университеті "Жапон тілі және лингвистика ұлттық институтының" профессоры)

Дәріс тақырыбы: «Магистранттарға жапон тілінде білім беру және зерттеу»

Өткізілген уақыт: 13 ақпан 2023 жыл (дүйсенбі), 15:00-17:00 (Жапония уақыты)

(2) Семинар

Дәріс беруші: Профессор Айя Кондо (Сёва әйелдер университеті, Іскерлік жапон тілін зерттеу тобының директоры)

Дәріс тақырыбы: «Әртүрлілік ортасын дамытуға мүмкіндік беретін жағдайлар»

Өткізілген уақыт: 14 ақпан 2023 жыл (сейсенбі), 10:00-12:00 (Жапония уақыты)

«6-шы болашаққа бағдарланған жапон тілінде білім беру» симпозиумында НИНОМИЯ Такаши «Қазақстандағы туризмге арналған жапондық оқу материалдарын құру жобасы» (қайта өңделген) тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

https://www.kaznu.kz/