«Қазақстан және жапониядағы инклюзивті білім беру жүйесі» атты халықаралық ғылыми студенттік форум өтті

08.04.2023

Көрулер: 818

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапон бөлімінің оқытушылары Ниномия Т, Сауданбекова Ш.Т., Боранкулова С.К., Нурелова А.М., Шадаева М.Т. Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен ҚазҰУ- не Жапонияның Цукуба және Кейё Университтерінен қысқы мектеп бағдарламасымен келген студенттермен бірлесіп «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ» атты халықаралық ғылыми студенттік форум өтті. Форумның мақсаты: Қазақстан мен Жапониядағы инкюзивті білім беру жүйесін зерттей отырып екі елдің білім жүйесіндегі ерекшеліктер, артықшылықтары мен жетіспейтін тұстарын салыстыра зерттеген ғылыми жұмыстармен таныса отырып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай ғылыми форумдардың нәтижесінде 1-4 курс студенттері Қазақстан мен Жапония туралы әр түрлі зерттеу жұмыстарын жасауды үйреніп, салыстырмалы талдау жасап, ғылымға бір қадам жақындай түседі.

https://www.kaznu.kz/