Қазақстанда жапон тілінен онлайн шешендік өнер сайысы өтті

06.04.2023

Көрулер: 362

2021 жылдың 13 наурызында Қазақстан жапон тілі мұғалімдері қауымдастығының және Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің бірлескен демеушілігімен 23-ші Қазақстандық жапон тілі бойынша шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақ Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ичикава жапон тілі мектебі және Қазақстан-Жапония адами даму орталығынан 16 студент қатысып, жапон тілінде баяндама жасады. Цукуба университеті іс-шараның демеушісі ретінде сөз сайысына қатысушыларға сыйлықтар табыс етті.

https://www.kaznu.kz/