«Қазақстан және Шығыс елдері: олардың өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы халықаралық академиялық онлайн конференция өтті.

06.04.2023

Көрулер: 431

2021 жылдың 20 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті мен Цукуба университеті «Қазақстан және Шығыс елдері: олардың өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында Қазақстан, Жапония және Өзбекстан мемлекеттерінен қатысқан баяндамашылармен халықаралық академиялық онлайн конференция өткізді. Цукуба университетінен «Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жапон тілі мұғалімдерін даярлау орталығын құру жобасы» жобасының жетекшісі, Алматы өкілдігінің директоры, профессор ОНО Масаки және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің ассистенті ИТО Хидеаки, «Цукуба веб корпусын» таныстырды. Осы факультеттің докторы Рут Ванбален «Жапон-ағылшын және голландтық қарама-қайшылықты зерттеулер тұрғысынан жалпы мағынаның анықтамасы» атты баяндама жасады. Алматы кеңсесінің координаторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы НИНОМИЯ Такаши «Өзбекстан мен Қазақстандағы жапон тілінде сөйлейтіндер мен жапон тілін үйренушілердің тыйым салынған сөздері» тақырыбындағы зерттеуін ұсынды.

https://www.kaznu.kz/