Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИДІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕН ҰМЫТЫЛМАЙМЫН...» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫҚ

07.02.2020

Көрулер: 2229

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс ВТ17-4 тобының студенттері ақиық, біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мен ұмытылмаймын...» қойылымын тамашалап қайтты.

Қойылымда ақиық ақынның соңғы бір күні көрсетіліп, өткен күндердің елестері де тыс қалмайды. Ақын Музамен сырласады. Ол "Мен бүгінге дейін не істедім?" дегенге жауап іздейді. Қойылымның мақсаты – Мұқағали рухын қайта жандыру, халқымен қауыштыру, сөйлету, үндестіру екен.

Әр қазақтың кеудесінде жыр боп жатталған ақын жырларымен сусындап, лирикалық әдемі әлемге бойлағыңыз келсе, спектакльді көріңіздер!

Іс-шараға «Информатика» кафедрасының 3 курс студенттері мен куратор-эдвайзерлері, кафедраның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдиахметова Зухра Муратовна мен кафедраның аға куратор-эдвайзері Саметова Айгерім Айдарқызы қатысты.