Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Телғара» қойылымын тамашалау

08.10.2019

Көрулер: 3695

"Рухани жаңғыру" жобасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған "Телғара" қойылымын тамашалап қайттық. Іс-шараға «Информатика» кафедрасының 1 курс студенттері мен куратор-эдвайзерлері, кафедраның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдиахметова Зухра Муратовна мен кафедраның аға куратор-эдвайзері Саметова Айгерім Айдарқызы қатысты.