«100 кітап» Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романы.

26.04.2021

Көрулер: 2627

Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушылардың Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру - ұлы адамдарды құрметтеуге, халықтың өткені мен бүгінгісін танып, білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын топтың куратор-эдвайзері Б.А. Максутованың жетекшілігімен өзінің педагогикалық тәжірибесін шыңдап жатқан кафедраның «Информатика» мамандығының 1 курс магистранты Н. Ешенқожаев ұйымдастырып, жүргізді. Студенттер  Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әсерлі презентация мен видеоролик дайындап, кураторлық сабақ соңында викториналық сұрақтарға жауаптар беріліп, студенттер арасында тартымды пікір алмасу орын алды.

Магистранттың педагогикалық практикасының жетекшісі доцент Г.А. Мадьярова қатысып, тәрбие сабақтың мазмұнды да, мәнді өткенін «өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, олардың әдебиетке, өнерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттырары анық» деп жоғары бағалады.

Ашық кураторлық сағаттың жақсы өтуіне үлес қосқан топ студенттеріне, қонаққа келген əріптестермен магистранттарға алғыс білдіремін.

КИ-1903 тобының куратор-эдвайзері Максутова Б.А