«Жастар есірткіге қарсы»

18.01.2021

Көрулер: 1902

Студенттердің салауатты өмір салтына деген құштарлығын қалыптастыру аясында бүгінгі ашық кураторлық сағат жастардың есірткімен күресу тақырыбына арналды. «Компьютерлік инденерия» мамандығының 2-курс KИ- 1902 тобының студенттерінің пікірталас барысында есірткі бизнесі жаһандық проблема екендігі, сондықтан Қазақ Ұлттық Университеті тек қана жоғары емес білім беру, сонымен қатар жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде. Университетіміз әрқашан тыйым салынған, зиянды әдеттермен күресу бастамасын қолдап келеді. Мысалы, 2013 жылы көптеген әлемдік көшбасшылар мүше болған «Әлемдік лига» халықаралық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған есірткіге қарсы көрме өткізілген болатын. ҚазҰУ-дың бүгінгі студенттері - ел болашағы, ал ұлттық университеттің міндеті - қоғамымыздың лайықты мүшелерін тәрбиелеу!


Куратор-эдвайзер:Байтенова Салтанат Амангелдіқызы