«Мен Туымды мақтан етемін»

30.10.2020

Көрулер: 2391

Қазірде елімізде қарқын алып келе жатқан #ментуымдымақтанетемін челленджі аясында КИ-1902 тобының 2-курс студенттері патриоттық рухты көтеру мақсатында бейнеролик түсірді. Роликтің негізгі мақсаты - мемлекеттік тудың маңызын егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің символы ретінде ғана емес, Қазақстан халықтарының бірлігі мен әл-ауқатының белгісі ретінде насихаттау болып табылады.

Біздің университетте осындай студенттік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұратындығын атап өткен жөн. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының Білім беру флагманы ретінде тек өз ісінің кәсіби мамандарын ғана емес, бірінші кезекте өз елінің патриоттарын тәрбиелейді!

Куратор-эдвайзер: Байтенова С.А.