«Мен Туымды мақтан етемін»

30.10.2020

Көрулер: 1921

30.10.2020 Компьютерлік ғылымдар мамандығының 1-курс студенттері «Мен Туымды мақтан етемін» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында студенттер мемлекеттік рәміздеріміздің бірі көк Туымызға құрмет көрсету мақсатында өз өнерлерін ортаға салды. Отан туралы өлеңдер оқылды, күй тартылды, қысқаша видеоролик көрсетіліп, студенттер Туымызға қатысты жағымсыз жағдайға байланысты пікір таластырды.

Куратор-эдвайзер Зейнуллаева И.Д.