МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

06.05.2020

Көрулер: 2026

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Компьютерлік инженерия» мамандығының студенттерімен «Мың тағзым саған, майдангер!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты –студенттерді елін, жерін сүюге үндеу, патриоттық сезімдерін арттыру, батырлар ерлігін насихаттау. Іс-шара барысында студенттер патриоттық әндер шырқап, өлең оқып, батырлар өміріне шолу жасады. Елдігіміз мәңгілік болғай!

Куратор-эдвайзер: Саметова А.А.