Қайырымдылық – асыл қасиет

13.01.2021

Көрулер: 2662

Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Қазіргі таңда елімізде әр түрлі акциялар мен іс-шаралар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда «Компьютерлік инженерия» мамандығының 2 курс КИ 19-05 тобының студенттері қазіргі пандемияға қарамастан, онлайн форматта да жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуда. Сіздерге алғыс білдіре отырып, әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз.