Шығаева Майя Хажетдинқызы ҰҒА академигі
![]() |
Шығаева Майя Хажетдинқызы
биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒАакадемигі, микробиология кафедрасының профессоры Өзі туралы мағлұмат: Туған жылы: 21.01.1927 ж. Ұлты: Қазақ Білімі: 1949-1952 - Алматы мемлекеттік медициналық институты -1952-1955 -ҚазССР ҒА Микробиология және вирусология институтының аспирантурасы Мамандық шифры - 03.00.07 микробиология |
Еңбек жолы:
1949-1952 жж. - ҚазССР ҒА микробиология секторының аспиранты
1952-1956 жж. Микробиология секторы бойынша аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер.
1956-1962 жж. ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институтының ғалым хатшысы.
1957-1959 жж. аудандық кеңестің депутаты болды.
1960-1963 жж. «Микроорганизмдердің өзгергіштігі» зертханасының аға ғылыми қызметкері.
1963 жылдың қазан айынан бастап 1972 жылдың мамыр айына дейін ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және «Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы» зертханасының меңгерушісі.
1972-2000 жж С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін.
1975-1985 жж. аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
2000 жылдан бастап осы уақытқа шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті микробиология кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеуде.
Оқитын пәндері:
«Қазіргі заман және биотехнология», «Микроорганизмдер экологиясы» және тағы басқалар.
Ғылыми бағыты:
ҚР БҒМ БҒО бағдарламасы бойынша 3 ғылыми жобаның жетекшісі және кеңесшісі
1. «Разработать методические основы селекции перспективных микроорганизмов-деструкторов индивидуальных полициклических ароматических углеводородов».
2. «Создание микробных экспресс - методов оценки интегральной токсичности нефтезагрязненных почв и специфической ремедиирующей способности различных штаммов микроорганизмов»
3 «Оценка физиолого-биохимического статуса и биоремедиационной активности организмов активного ила и почв для разработки эффективных систем очистки сточных вод и нарушенных экосистем».
Марапаттаулар:
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті қорының мемлекеттік стипендиясының иегері.
1996 жылы Қазақстан Республикасы ҰҒА ғылым министрлігінің құрметті мақтау қағазымен және ҚР Президенті жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
1997 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «ҚР білім үздігі» белгісімен марапатталды.
2000 жылы АҚШ-ның Биография институты «2000 жыл әйелі» тұлғасын алды.
2008 жылы «Астананың 10 жылдығына арналған» медальмен марапатталды.
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерей тойына орай ғылым және білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін «Үлкен Алтын Алқа» белгісімен марапатталды.
Ғылыми еңбектері:
350 - ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. 42 жуық ғылым кандидаты және 10 ғылым докторларын дайындады.







