"Нұрлы өлке" қоғамдық-саяси газеті

08.05.2019

Көрулер: 913

ҚазҰУ - білім алудың жаңа мүмкіндіктері

28.03.2019

ҚазҰУ - білім алудың жаңа мүмкіндіктері. Білім беру саласында орын алып жатқан өзгерістердің көптігі мектеп түлектерінің өздерін де, олардың ата-аналарын да үлкен таңдау жасауға мәжбүр етеді. Әртүрлі салада маман болуға шақырған хабарландырулардың көп екендігі де анық. Мемлекет грант ұсынған мамандықтар түрі мен саны қаншалықты көп болса, грантқа ілінбегендер үшін де таңдау мүмкіндігі жоғары.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де осы салаға үш сатылы деңгейде, яғни бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейінде мамандар даярлауды 16 факультетте, 86 мамандық бойынша жүзеге асырады. 2014 жылдан бері ғаламдық хабты басқарып келе жатқан ҚазҰУ жұмысын БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр. ҚазҰУ өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзартылуы университетке, жалпы университет басшылығына, еңбек ұжымына деген үлкен сенімді көрсетеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, посткеңестік кеңістіктен тек екі университет қана кірген QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде 16 орынды иеленуі де университетіміздің үлкені жетістерінің қатарында. Университет білімді азаматты тәрбиелеу, жұмыс беруші талаптарын қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті, яғни кәсіби құзыреттіліктермен қаруланған болашақ маман тәрбиелеумен байланысты мемлекеттің тапсырмаларын үздік орындап келе жатыр. Осындай бір үздік білім беру саласы «Есеп және аудит» саласы десек, қате болмас. Өзінің болашағын экономикамен байланыстырғысы келген мектеп түлектерінің саны әрқашан басым, оларға жыл сайын экономика салалары бойынша дайындалған мамандар санының көптігі де тоқтау салмақ емес. Осы экономика бағытында білім беру бағдарламаларының ішінде «Есеп және аудит» саласының өзіндік ерекшектері көп. Университет қай салада болмасын мамандар даярлауды Типтік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. Бүгінгі күні бухгалтер – бизнес тілі болып табылатын кез-келген компаниядағы барлық қаржылықшаруашылық қызметтің жүзеге асуына жауапты тұлға болып табылады. Сол себепті болашақ бухгалтерлік есеп саласының мамандарын даярлауға ерекше талаптар қойылады. Бұл мамандық иелерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тағы бір қажеттілігі олардың біліктілік деңгейін көрсететін сертификат алу мақсатында арнайы емтихандар тапсыруының міндеттілігімен түсіндіріледі. Осы орайда, бүгінгі студенттерді болашақтағы жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарды, қатаң нарық шарттарын, күрделі бәсекелестік шарттарын ескере отырып кәсіби құзыреттілігін жоғары дәрежеде қалыптастырудың жаңа жолдары іздестілуде. Осындай бағыт – ол бірнеше салада мамандаған түлектерді даярлау. Бүгінгі күні Жоғары оқу орындарына берілген мүмкіндікті пайдаланып, «Есеп және аудит» саласында ғана емес, сонымен қатар құқық негіздерін де меңгерген бухгалтерзаңгер мамандарын даярлау мүмкіндіктері қарастырылуда. Арнайы оқу бағдарламалары қалыптастырылып, білім алу нәтижелері сараланып, бағалануда. Бұл да мемлекет тарапынан оқу орындарына берілген бір мүмкіндік деп түсінеміз, себебі бұл шара унверситетімізге осы пәнаралық мамандану мақсатында келетін мектеп бітірушілер санын арттыра түседі деп ойлаймыз. Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасынан өз арманмақсаттарының жетегінде кететін түлектерге осындай жаңа мүмкіндіктер бар екенін ескерте отырып, университетімізде білім алуға шақырамыз.

 

Қ. АКИМБАЕВА, «Есеп және аудит» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары

А. АРЫСТАМБАЕВА, «Есеп және аудит» кафедрасы аға оқытушысы