БАҚ-тағы жарияланымдар

Aikyn.kz

08.05.2019

Дарынды студенттерді біріктіретін мекен

15.03.2019

Дарынды студенттерді біріктіретін мекен. Білім мен бақыт, бірлік пен достық ордасы болып саналатын қазақтың қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жер шарындағы жоғарғы оқу орындарына көз жүгіртіп қарасақ, АҚШ-тың Гарвард,  Еуропаның  ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Кэмбридж, Англияның атақты Бристолі, Францияның Сарбонасы болса, мен Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы деп Қазақ ұлттық университетін айтар едім.  Бұл білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайтып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, мемлекетіміздің еңселі болуына үлесін қосып жатыр. Биыл Қазақ ұлттық университетіне – 85 жыл!

Ары қарай оқу >>

almaty-akshamy.kz

08.05.2019

ҚАЗҰУ – БІЛІМ КӨШБАСШЫСЫ.

15.03.2019

Жастар – кез-келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сол себепті, ел тірегі – жастар екенін есімізден шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да Елбасымыздың жастарға деген ерекше сенімін білдіреді. Келешекте жастардан күтілетін үміт пен оларға артылар жауапкершіліктің де салмағы жеңіл емес. Осы жылдың басты мақсаты – көшбасшылық болмысты қалыптастыру арқылы еліміздің дамуына үлес қосатын жастарды жасақтау. Мемлекеттің жастар тобының сапасын арттырудағы ең басты рөлді жоғары оқу орындары атқаратыны онсыз да түсінікті. Қабілетті әрі білімді маманды дайындау мемлекетті дамытудың қысқа және түзу жолы екенін ескеретін болсақ, сапалы жоғары оқу орнын таңдау – мемлекеттік маңызы бар іс деп түсіну қажет.

Ары қарай оқу >>

kazigurt-tinisi.kz

08.05.2019

Қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ-ге 85 жыл!

01.03.2019

Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі, сонау 1934-жылдың 15- қаңтарынанбастап ел мүдесі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр.

Ары қарай оқу >>

tazael.kz

08.05.2019

ҚазҰУ-дың құрылғанына 85 жыл толды-Фотобаян

15.01.25019

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталды.

Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына аса зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Ары қарай оқу >>

Aikyn.kz

08.05.2019

Санаға сәуле ұялатқан қара шаңырақ

13.03.2019

Жиырма мыңнан астам студент білім алып, бір мың бес жүзден астам оқытушы дәріс жүргізетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына биыл 85 жыл толып отыр.  ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов университеттің аталмыш мерейтойымен құттықтай отырып, өзінің «Биік асулар жолында» атты мақаласында былай деді: «Бүгін еліміздің жетекші университеті – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталды. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына аса зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" газеті

08.05.2019

ӘЛЕМДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БІРІ

Әлемдік өркениет көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті елдер қата­рынан орын алу елдегі білім беру жүйесі мен ғылымның дамуы­­на тікелей тәуелді. Сол арқылы кез-келген мемлекеттің әлеуеті болып табылатын адами капиталды қалыптастыру мен дамыту мәселесі өз шешімін таба­ды. Ал адами капи­талдың сапасын жақсарту мәселесі білім беру жүйесіне, оның ішінде жоғары оқу орындарына іргелі міндеттер жүктейді. Осындай үлкен міндетті абыроймен атқа­рып келе жатқан Қазақстандағы білім мен ғылымның қарашаңы­рағы, биыл құрылғанына 85 жыл толып отыр­ған – әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті.

Ары қарай оқу >>

turkystan.kz

08.05.2019

Үздік білім ордасына – 85 жыл

17.01.2019

 

 

ложҮздік білім ордасына – 85 жылБарлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/75293-zdik-bilim-ordasyna-85-zhyl гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.

Еліміздегі сапалы білім мен ғылым ордасы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 85 жыл толды. Осыған орай, университеттің тәрбие ісі жөніндегі департаменті мен Жастар ұйымдары комитеті арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Aikyn.kz

08.05.2019

Ұлттық кадр ұстаханасы

7.05.2019

Талантты жастар, білімді ұрпақ мемлекеттің басты капиталы екенін есте ұстауымыз керек. Халқымыздың сапалық құрамы өзгенің емес, осы елдің мүддесіне қызмет етуі керек емес пе? Бұл орайда, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдар­ламалары бойынша білікті мамандарды Қазақ­станның жоғары оқу орын­дарынан өсіріп шы­ғу­ға талпынуымыз қажет.

Ары қарай оқу >>

massaget.kz

06.05.2019

Жасай бер мәңгі, ҚазҰУ-ым!.

22.04.2019. 

1934 жылы еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы,  ең алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. Биыл,  2019 жылы біз үшін айтулы жылдардың бірі саналып отыр. Себебі, осы жылы біз өзіміздің 85 жылдық мерей тойымызды атап өткелі жатырмыз. Бүгінгі таңда университетте 30000-ға жуық студенттер білім нәрін алуда.  Қазір Университетіміз Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар орта Азияда алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті биыл QS рейтингі бойынша 220 орынға жоғарылады. Университеттің білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай, яғни білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі бар, «бакалавр- магистратура- PhD» түрінде үш сатылы мамандарды дайындау қамтамасыз етілген.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" газеті

06.05.2019

ДАРЫНДЫ СТУДЕНТТЕР МЕКЕНІ. Сыйластық пен шынайы достық ордасы

05.04.2019

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  еліміздің жоғары оқу орындары арасында «Сапа саласындағы жетістік­тері үшін» сыйлығының иегері.

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің  осы «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иелен­ген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш универ­ситет болды.

Ары қарай оқу >>