"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" атты ашық тәрбие сағаты

18.03.2023

Көрулер: 1207

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз 2023 жылдың 15 наурызында көктем мен еңбектің мерекесі-22 наурыз мейрамына орай "Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" тақырыбында "Экология" 1 курс, "Тіршілік қауіпсіздігі" 1 курс және "Геоэкология" мамандығының 2 курс студенттерімен ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында студенттерге Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беріліп, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екені ашып көрсетілді. Сондай-ақ қазақы салт-дәстүрді ұлықтау барысында ескіден келе жатқан есті дәстүр "Бесік той" көрінісі қойылымдалды, әуезді ән мен күмбірлеген күй орындалды.

Ұйымдастырушылар: Мұқанова Г.А, Құрбанова Л.С, Хамитова К.К және 7M05209 «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығының 1 курс магистранттары.