«Азат елдің ұрпағымыз» атты ашық эдвайзерлік сағат

05.12.2022

Көрулер: 736

2022 жылдың 1 желтоқсанында Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының 6В11201-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша  4 курс студенттері мен эдвайзері Қалдыбаева С.Т., және Талдықорған қаласындағы Жетісу Техникалық ғылымдар жоғарғы мектебінің «Жаратылыстану және техникалық ғылымдар» білім беру бағдарламасының жетекшісі Турлыбекова М.Р., «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламысы бойынша 3 курс студенттері мен  топтың эдвайзері Солтанова Д. А., ұйымдастырумен университетаралық онлайн форматтағы «Азат елдің ұрпағымыз» атты ашық эдвайзерлік сағаты өткізілді. Университет аралық ашық эдвайзерлік сағатты өткізу барысында екі университеттің студенттері Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін атап өтіп,  желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі тұтатындары айтылды. Сонымен қатар студенттер туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін өлең жолдарымен білдірді. Елін, жерін сүю, Отанын қастерлеу, болашақ ұрпақты шыншылдыққа тәрбиелеу,  Тәуелсіздігіміздің болашақ ұрпақ үшін  маңызды екендігін бір-біріне түсіндіре білді.