"Жаңа Қазақстан" атты дөңгелек үстел

18.11.2022

Көрулер: 1252

География және табиғатты пайдалану факультеті, “Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО” кафедрасының “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” мамандығының 1 курс студенттері 16.11.2022 жылы сағат 15:00 “Жаңа Қазақстан” атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” мамандығының 1 курс студенттері мен эдвайзер Абдибаттаева М.М ұйымдастыруымен өтті.Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты:Еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы талқылауға салу.

Дөңгелек үстел аясында студенттер өз ойларымен бөлісіп, “Жаңа Қазақстан” жайлы жан-жақты талқылау жүргізді. Студенттерге арнап сұрақ-жауап ойыны жүргізілді, оның қорытындысы бойынша топ студенттерге арнап тәтті сыйлықтар берді.