Ашық кураторлық сабақ «Тәуелсіздік жетістіктері»

10.12.2021

Көрулер: 1517

4 курс 1 топ 5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және Қоршаған ортаны қорғау» мамандығы «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы

Эдвайзер- Бергенева Н.С.

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру, олардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптастыру.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбие сағатында еліміздің тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдары баяндалды, фильм көрсетілді, викторина уйыымдастырылды. Студенттерге бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдары кеңінен түсіндірілді. Еліміздің экономикасы қарқынды дамып, әлеуметтік салаларда, мәдени-рухани өмірімізде қол жеткен жетістіктер талқыланды.