CIRAD ФРАНЦУЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

28.06.2021

Көрулер: 1457

 

2021 жылдың 25 маусымында География және табиғатты пайдалану факультетінде Француздың халықаралық даму бойынша ауылшаруашылық ғылыми орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Alexandre Ickowicz – мал шаруашылығы және ветеринарлық медицина департаментінің директоры (CIRAD-EMVT), агрономиялық зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы.

Véronique Rayot-Orano компаниясының Орталық Азиядағы өкілі.

Кездесу География және табиғатты пайдалану факультетенің деканы В. Г.Сальниковтың, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т. А. Базарбаеваның, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедра меңгерушілерінің орынбасары А.Н. Мусагалиеваның, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы; К.А. Темірбаеваның, картография және геоинформатика кафедрасы; А. А. Рысмағамбетованың, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, қатысуымен өтті.

Кездесу барысында экология, жерді пайдалану және топырақты зерттеу саласындағы бірлескен зерттеу қызметін талқылау негізгі мәселе болды.

Кездесу қорытындысы бойынша ақпарат алмасу және CIRAD Француздың халықаралық даму бойынша ауылшаруашылық ғылыми орталығы мен әл-Фараби атындаңы ҚазҰУ арасындағы бірлескен іс-шараларды одан әрі жоспарлау арқылы ынтымақтастықты күшейту туралы шешім қабылданды.