Кафедраның ашық есік күні

10.06.2021

Көрулер: 1362

 

10.06.2021 сағ 1500- де Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ашық есік күні өтті. Іс-шараның басында кафедра меңгерушісі Т.А.Базарбаева талапкерлерді кафедра құрылымен таныстырды. Одан кейін кафедра меңгушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Мұқанова кафедрадағы оқу бағдарламаларымен таныстырды. Кафедра оқытушысы талапкерлерге Б.Х.Тусупова Экология мамандығы жайлы айтса, оқытушы Н.С:Бергенова тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы жайлы толық айтып берді. Одан кейін кафедра оқытушы А.Б.Керімқұлова талапкерлерді оқуға түсу ережелерімен таныстырды. Іс-шара соңында кафедра оқытушылары талапкерлерге сәттілік тілеп, туындаған сұрақтары бойынша кез келген уақытта байланысқа шығуларына болатындығын мәлімдеді.