Кафедра студенттеріне шәкіртақы берілді

31.05.2021

Көрулер: 1528

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің әуелсіздігінің 30 жылдығына ұштасқан «ҚазҰУ Түлектерінің күніне» байланысты онлайн кездесу өткізді.

Бағдарламаға Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының барлық жетекші профессорлары мен оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және студенттері қатысты.

«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің атқарушы директоры Асқаров Сейлхан Акказинович, жұмыс беруші, 1987 жылғы ҚазҰУ түлегі, құттықтау сөз алып, Экология мамандығының 4 курс студенті Қоңырбаев Ануарға диплом алдындағы практика бағдарламасын адал орындағаны және Компанияның практикалық міндеттерін шешуге қосқан үлесі үшін 50 мың теңге көлемінде стипендия және 7M05211-Экология мамандығының 2 курс магистранты Аутханова Назеркеке ғылыми - зерттеу практикасы бағдарламасы шеңберіндегі міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешкені үшін 50 000 теңге көлемінде стипендия тапсырды.