«Салауатты өмір салты» атты ашық тәбие сабақ

07.05.2021

Көрулер: 1875

 

2021 жылдың 26 сәуір күні сағат 15:00 де ZOOM платформасында География және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 1 курс "Экология" мамандығында оқитын студенттерге ашық тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағаты “Салауатты өмір салты” бойынша дәрігер эпидемиологтардың қатысуымен өтті.

Сабақтың мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Студенттерді жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатымызға дәрігер эпидемиологтар шақырылып, студенттерге  ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, ЖИТС-тың жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шаралары туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды жаман  әдеттен аулақболуға, болашақ ұрпақ мүддесін ойлауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу қажеттілігін түсіндірді.