«Әлемді тербеткен - Ана» тақырыбында ашық кураторлық сағат

05.03.2021

Көрулер: 2031

2021 жылдың 4 наурызыңда ZOOM платформасында «Экология» мамандығының 1 курс студенттерімен 8 – наурыз «Халықаралық аналар күніне» орай «Әлемді тербеткен - Ана» тақырыбында ашық кураторлық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін көрсете отырып, әр отбасындағы әжелер, аналар мен қыздарымызды сыйлаудың және құрметтеуің қаншалықты маңызды екендігі жайлы айтылды. Соныме бірге, студенттер кафедраның нәзік жанды оқытушыларына әзірлеген құттықтау өлең шумақтар мен тілектерін айтып, ізгі ниеттерін білдірді.

Ұйымдастырушылар: Тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының оқытушылары Байсейтов Д.А., Ошақбай А.А.