"Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз" атты ашық тәрбие сағаты

16.03.2019

Көрулер: 3354

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасында наурыз айының 15 жұлдызында Экология мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық сабақты Жаңабаева Ұлдана мен Пазылов Шыңғысхан жүргізді. Ашық сабақтың басында осы топтың куратор-эфвайзері Оразбаев Әділхан сөз сөйледі. Одан кейін кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А. мен оқу-ісі бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары Таныбаева А.К. барша оқытушыларды, студенттерді Наурыз мейрамымен құттықтап, өз тілектерін айтты. Экология мамандығының студенттері ән айтып, өлең оқып, қара жорға биін билеп, өз өнерлерін паш етті. Ашық сабаққа кафедраның оқытушылары қатысып, Наурыз мерекесіне арналған Наурыз көжеден дәм татты.