kaztrk.kz: Алматыда «VII Қожакеев оқулары» өтті

06.04.2019

Көрулер: 1237

Алматыда «VII Қожакеев оқулары» өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіндегі дәстүрлі конкурс биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Жас ғалымдар мен студенттер ғылыми жұмыстарын ұсынды. Олар қазақ журналистикасына сүбелі еңбек сіңірген тұлғаның өмірі мен мұрасын зерттеп, «Үздік ғылыми жоба», «Үздік публицистика», «Үздік сатира» және «Үздік мультимедиялық жоба» бөлімдері бойынша сынға түсті. Жеңімпаздарға Темірбек Қожакеев атындағы арнайы стипендиялар тағайындалған. Ал, ғалымның көзін көрген ғалымдар жастарға естеліктер айтып, журналистиканың кешегі және бүгінгі даму тенденциялары туралы ойларын ортаға салды.

Бауыржан Жақып, ақын, филология ғылымдарының докторы:

Ол кісінің еңбегі орасан зор. Сонау кеңестік кезеңде 22 жоо кеңес одағы бойынша журналист мамандығын даярлаған. Соның ішінде  алғашқы үштікке кірген журналист мамандығын даярлайтын факультет осы біздің журналистика факультеті болған. Сол кезде бұл кісі өте ұзақ жылдар ұмытпасам  факультет деканы болып қызмет атқарды. Декан кезінде көптеген талантты мамандарды даярлап шығарды.

http://kaztrk.kz/news/qogam/almatyda-vii-qozhakeev-oqulary-otti-126581