kazislam.kz: Түркияның танымал теологы кітабын қазақ халқына арнады

04.04.2019

Көрулер: 907

Түркияның танымал теологы кітабын қазақ халқына арнады. Ал танымал ғалым, Түркиядағы Ұлығдағ университеті теология факультетінің профессоры Яшар Айдынлы əл-Фарабидің «Логикада қолданылатын сөздер» атты еңбегін аударып, басып шығарған. Халықаралық Фараби оқуларының ашылу салтанатында Яшар Айдынлы бұл еңбегін қазақ халқына арнайтынын мәлімдеді. Кітаптың алғысөзінде автор «Қазақ халқына жəне Фарабидің атын танытқан əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнаймын» деп жазған. Оған қоса түрік ғалымы университеттің кітапханасына Фараби зерттеулеріне қатысты басқа да кітаптарын сыйға тартты.

https://kazislam.kz/түркияның-танымал-теологы-кітабын-қа/