Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 1 курс магистранты Мусакулова Миргуль «Сәтбаев Оқулары - 2021» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысып, I дәрежелі диплом иегері атанды

22.04.2021

Көрулер: 2743

 

2021 жылдың 12 сәуір айында еліміздегі техникалық білімінің шаңырағы Satbayev University - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде сағат 14.00 Microsoft Teams платформасында «Сәтбаев Оқулары - 2021» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы онлайн өтті.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «7M11202 Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті мен  аудиті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Мусакулова М. «Сәтбаев Оқулары - 2021» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының« Профессор Е.Б. Өтеповтің  70-жылдығына арналған « Тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік экология »секциясына қатысып 1-орынға ие болып диплом берілді.

Мусакулова Миргульді құттықтай отырып, жұмыстарыңызға сәттілік және алдағы шығармашылық табыстар тілейміз.

Конференцияға қатысу – бұл ғылыми зерттеулердің басым бағыттары, инновацияларды, интеллектуалды дағдыларды дамыту және ғылымды жастар арасында кеңінен насихаттау бойынша пікір алмасуға ықпал ететін ғылыми жұмысыңмен бөлісіп, көрсетуге тамаша мүмкіндіктер.